Жастарға электоралдық-құқықтық білім беру мақсатында Павлодар қызмет көрсету саласы колледжінде тарих пәнінің оқытушысы Г.Б. Альмуханова, 580 УСК төрайымы «Сенің сайлау құқығың» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

Мақсаты: болашақ сайлаушылар – білім алушылардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру.

Студенттер сайлау комиссияларының жұмысы, сайлау туралы заңнама, Қазақстан Республикасындағы сайлауды өткізу жүйесі туралы білді.

Іс-шара барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.