«Павлодар қызмет көрсету саласы колледжі» КМҚК 1966 жылы құрылған.

1966 – «№ 76 қалалық кәсіптік-техникалық училищесі» құрылды;

1978 жылы 4 қарашада «№ 37 техникалық училище» болып қайта құрылды;

1984 жылдың 6 қыркүйегінде «№ 1 орта кәсіптік-техникалық училище» болып қайта құрылды;

1992 жылы 19 қазанда «№ 1 жоғары кәсіптік училище» болып қайта құрылды;

1996 жылдың 14 қазанында «№ 1 кәсіптік техникалық лицей» болып қайта құрылды;

2000 жылғы 14 наурызда – «№ 1 кәсіптік лицей» мемлекеттік білім беру мекемесі болып қайта құрылды;

2008 жылғы 1 желтоқсанда «№ 1 кәсіптік лицей» мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды;

2012 жылғы 12 қыркүйекте Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім басқармасының «№1 Павлодар колледжі» қазыналық мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды;

2013 жылғы 25 қарашада - Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Павлодар қызмет көрсету саласы колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды.