2021 жылдың 5-16 сәуір аралығында «Тәжірибе. Идеялар. Инновациялар» облыстық педагогикалық шеберлік байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – озық педагогикалық тәжірибені анықтау және жалпылау, білім беру қызметінде әртүрлі нәтижелері мен жетістіктері бар педагогтарды анықтау, шығармашылық бастаманы қолдау және кәсіби өсуге ынталандыру.
Облыстық байқаудың нәтижелеріне сәйкес:
Арнайы пәндер оқытушысы Айман Сардарбекова «Киім дайындау технологиясы» ұжымдық оқу сабақтарын ұйымдастыруға арналған дидактикалық құрал» атты жұмысымен арнайы техникалық және гуманитарлық пәндер оқытушысы облыстық оқу-әдістемелік бірлестігінің секциясында II орынды иеленді.
Өндірістік оқыту шебері Маржан Тынысбек «Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандығы бойынша «Химиялық бұйралау» бөлімі бойынша практикалық тапсырмаларға арналған оқу-әдістемелік кешен» жұмысымен аға шеберлер мен өндірістік оқыту шеберлерінің облыстық оқу-әдістемелік бірлестігінің секциясында II орынға ие болды.
Жеңімпаздар Павлодар облысы білім беру басқармасының дипломдарымен марапатталды.
Педагогтарды кезекті жеңісімен құттықтаймыз!