«Павлодар қызмет көрсету саласы колледжі» КМҚК 1966 жылы құрылған.
1966 – «№76 қалалық кәсіптік — техникалық училище» құрылды;
1978 жылы 4 қарашада – «№37 техникалық училище» болып қайта құрылды;
1984 жылы 6 қыркүйекте — №1 орта кәсіптік-техникалық училище болып қайта құрылды;
1992 жылы 19 қазанда – «№1 жоғары кәсіптік училище» болып қайта құрылды;
1996 жылы 14 қазанда – «№1 кәсіптік техникалық лицей» болып қайта құрылды;
2000 жылы 14 наурызда – «№1 кәсіптік лицей» мемлекеттік білім беру мекемесі болып қайта құрылды;
2008 жылы 1 желтоқсанда – «№1 кәсіптік лицей» мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды;
2012 жылы 12 қыркүйекте – Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «№1 Павлодар колледжі» КММ болып қайта құрылды;
2013 жылы 25 қарашада – Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Павлодар қызмет көрсету саласы колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды.







